Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) бұдан бұлай MTK Global менеджерлік компаниясымен жұмыс істемейтінін хабарлады.

«Боксшының әр асқан белесі дамуының сипаты. Бұл менің спортшы ретіндегі мақсатым. Өзім бірнеше жыл серіктес болған МТК Global (Kazakhstan) компаниясымен келісімшартымды аяқтадым. Бірнеше жекпе-жектер өткіздік, тамаша жеңістерге қол жеткіздік. Осы командаға айтарым тек алғыс! Бұл шешім – мансабыма ауадай қажетті жаңа жолдың бастауы. Жақын уақытта жекпе-жек күтіңіздер. Қолдаушыларыма рахмет», делінген спортшының Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Тұраров соңғы кездесуін 2019 жылы өткізіп, WBO белбеуін жеңіп алған еді. Бірақ 2021 жылы жекпе-жек өткізбеуіне байланысты бұл белбеуінен айырылды.