Алина Дауранова конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде «қола» жеңіп алды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Алина Дауранова әлем кубогы кезеңінде екінші медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 1500 метр қашықтықта үшінші болды. Бірінші болып голландиялық Эвелин Вижн мәреге жетті. Екінші орынды оның отандасы Джейд Гронвуд иеленді.

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңі Германияның Инцель аймағында өтіп жатыр.

Бұған дейін Дауранова 1000 метр қашықтықта екінші болған.