Футзал: «Қайрат» финалға шыға алмады

«Қайрат» финалға шыға алмады. Футзалдан чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында алматылық клуб «Тюмень» командасымен жолыққан. Сырт алаңда өткен кездесу 3:2 нәтижесімен аяқталды.

Есепті алматылықтар ашты. 10-шы минутта Біржан Оразов мүмкіндігін мүлт жібермеді. Артынша алаң иелері 3 гол соқты. Кездесудің соңғы минуттарында ғана Альберт Ақбалықов есеп айырмасын қысқартты. Бірақ матч соңына дейін теңестіріп үлгермеді. Осылайша «Қайрат» 3 ойында 4 ұпай жинап, өз тобының 3-ші сатысына жайғасты. Ал «Тюмень» осы жеңістің арқасында финалдық кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, Рикардо Кака баптайтын жігіттер осының алдында Беларуь командасын жеңіп, Франция командасымен тең түскен болатын.

БІР ЖАРЫСТАН ҮШ ЖҮЛДЕ

Бір жарыстан үш жүлде. Қазақстандық Алина Дауранова кезекті рет әлем кубогында топ жарды. Жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсеке Германияда өтіп жатыр. Елордалық спортшы бұл жолы 500 метрлік жарысқа қатысқан. Аталған аралықты 39,08 секундта бағындырып, қола жүлдегер атанды. Бірінші және екінші орын нидерландылық қыздарға бұйырды.

Айта кетейік, Алина өткен аптада ғана екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. 1000 метрлік бәсекеде күміс, ал 1500 метрлік бәсекеде қола жүлде жеңіп алды. Бұған паралель Американың Солт-Лейк-Сити қаласында ересектер арасындағы әлем кубогы өтіп жатыр. Онда жерлестеріміздің жолы бола қойған жоқ. Ең тәуір көрсеткіш Надежда Морозовада. Ол 3 шақырымдық сында ел рекордын жаңартты. Ал жалпы есепте тек 12-ші орынға тұрақтады. «В» дивизионында жүгірген Екатерина Айдова 500 метрде 5-ші, ал, Иван Аржаников 16-шы сатыдан табылды.

АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАС БЕЛГІЛІ

Алғашқы қарсылас белгілі. 2022 жылғы Дэвис Кубогының кездесулер кездесі жарияланды. Жеребе тарту нәтижесінде қазақстандық теннисшілер ең алдымен Норвегия құрамасмен жолығатын болды. Іріктеу кезеңі аясындағы матчтар 4-ші және 5-ші наурызда өтеді. Ал биылғы бәсекенің финалына шыққан Хорватия мен Ресей құрамалары іріктеуге қатыспайды. Дәл осылай Ұлыбритания мен Сербияға да жеңілдік берілді. Айта кетейік, ұлттық құрама биыл ширек финалға дейін жетіп, ең соңғы сында осы Сербия спортшыларына есе жіберді. Алағшақы ойында Михаил Кукушкин жеңіске жеткен. Бірақ артынша Александр Бублик әлем үздігі Новак Джоковичке жол берді. Ал шешуші сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы Новак Джокович және Никола Чачич жұбына есе жіберді. Қорытынды есеп: 6:2, 2:6, 6:3.