Головкин 2022 жылы кімдермен жұдырықтасады?

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой чемпион Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) танымал американдық журналист Майкл Монтероның мәлімдемесіне сәйкес, 2022 жылы екі жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Ring тілшісінің хабарлауынша, GGG бұрын хабарланғандай, WBA нұсқасы бойынша жапондық «суперчемпион» Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездессе, келесі жекпе-жегінде жеңіліс таппаған мексикалық Мунгия Хаймемен(38-0, 30 КО) жұдырықтасады.

Еске салайық, осы уақытқа дейінгі соңғы жекпе-жегінде Головкин 2020 жылдың желтоқсан айында АҚШ-та жекпе-жек өткізіп, поляк Камиль Шереметаны мерзімінен бұрын жеңген болатын (21-1, 5 КО).