Бас бапкер вакцинаның жалған сертификаты үшін футболдан шеттетілді

Германияның футбол одағы (DFB) ресми сайтында Бременнің «Вердер» клубының бұрынғы бапкері Маркус Анфангті бір жылға шеттеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды vesti.kz.

Бұған маманның коронавирусқа қарсы вакцинаның жалған сертификатын пайдалануы себеп. Сонымен қоса Анфанг 20 мың еуро айыппұл төлеуі керек. Одан бөлек бас бапкердің көмекшісі болған Флориан Юнг те тоғыз айға шеттетіліп, ол үш мың еуро айыппұл төлеуі тиіс. 

Еске салайық, Анфанг «Вердерден» былтыр қарашада жалған сертификатпен жүргені анықталғаннан кейін кеткен.