Рахмоновтың қарындасы Алматыда жекпе-жек өткізеді

Naiza промоушенінің кезеңті турнрінде қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз Naiza 40 турнирінде түркиялық файтер Курт Илькнурмен кездеседі. Жекпе-жек кеші 11 маусымда Алматыда өтеді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC аясындағы келесі жекпе-жегін 25 маусымда Лас-Вегаста американдық файтер Нил Магниге қарсы өткізеді.