Қазақстан-Словакия қарымта матчы өтеді

Тағыберген құрамаға қосылды. Бүгін УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Қазақстан және Словакия футбошылары қарымта матч өткізеді.

Кездесу елордада жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. Қазір қос команда соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Ұлттық құрама сапында айтарлықтай өзгеріс бар. Мәселен, команда капитаны әрі жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген жасыл алаңға шығады. Ол ми шайқалды деген диагнозбен соңғы екі матчқа қатыспап еді. Бұған қоса қорғаушы Юрий Логвиненко да осы жолы өнер көрсетеді. Ал Исламбек Қуат керісінше ойнай алмайды. Ол бүгінге дейін 2 бірдей ескерту қағазын алды.

Айта кетейік, Магомед Адиев баптайтын жігіттер топтық кезең аясында 3 кездесу өткізіп үлгірді. Яғни Әзербайжан және Словакия құрамаларын ұтса, Беларусьпен тең түскен болатын. Осының арқасында қазір өз тобының бірінші сатысында тұр және ендігі мақсат осы нәтижені сақтап қалу дейді бас бапкер.

Магомед Адиев, Ұлттық құраманың бас бапкері:

- Жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Ұлттар Лигасы әлі аяқталған жоқ. Әсіресе алдағы және одан кейінгі матчтар өте маңызды. Сондықтан қазір жігіттердің физикалық және психологиялық тұрғыда тез бабына келіп, жақсы өнер көрсетуіне жағдай жасауымыз қажет. Қос команданың әлеуетін сараптап, арнайы жоспар құрдық. «Астана-Аренаға» жиналған жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз.

Көгалдағы хоккейден Азия ойындарына іріктеу турнирі  

4 рет жеңіске жетті. Индонезия астанасы Джакарта қаласында көгалдағы хоккейден Азия ойындарына іріктеу өтіп жатыр. Оның аясында Қазақстан құрамасы 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуіде басым түсті.

Атап айтқанда, Индонезияны 1:0, Өзбекстанды 2:0, ал Камбоджаны 4:0 есебімен жеңді. Бұған қоса күні кеше Шри-Ланка құрамасымен жолығып, 5:1 есебімен ұтты. Сонымен қатар алғашқы жарыс күндері Гонконг спортшыларына 4:0 есебімен есе жіберген болатын. Алда тағы 2 ойын бар. Ұлттық құрама Камбоджа және Сингапурмен сынға түседі. Жарыстың жалпы қорытындысы 15 маусымда белгілі болады.

Айта кетейік, еліміздің әйелдер құрамасы Азия ойындарының финалдық сатысына төрт мәрте қатысты. 1998 және 2014 жылдарда 6-орын алса, 2010 жылы – 7, ал 2018 жылы 10-сатыға тұрақтады.