UFC: Дамир Ысмағұлов грузиялық Гурам Кутателадземен жекпе-жекке шығады

UFC-де QAZAQ лақап атымен өнер көрсететін қазақ файтері Дамир Ысмағұлов келесі жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеуден сәтті өтіп, қарсыласымен көз арбасты.

Салмақ өлшеу нәтижесінде, Дамир таразыда 73,3 кг көрсетсе, қарсыласының салмағы 70,5 кг болды.

Айта кетейік, Дамир 19 маусым күні АҚШ-ның Техас штатындағы Moody Center аренасында өтетін UFC on ESPN 37 аясында грузиялық Гурам Кутателадземен (12-2) жекпе-жекке шығады. Кештің басты жекпе-жегінде америкалық файтерлер Келвин Каттар (23-5) мен Джош Эмметт (17-2) айқасады.