Таэквондодан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Ел үздіктері елордаға жиналды. Мұнда таэквондодан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

Байрақты бәсеке тамыз айында Болгарияда өтеді. Осыған байланысты ұлттық құрамадағы номері 1, 2 және 3-спортшылар арнайы шақырту алып, өзара шеберлік шыңдауға кірісті. Байрақты бәсекеге 20 спортшымыз аттанады. Яғни ерлер арасында 10, қыздар арасында 10 салмақта жүлдеге қол созып көрмек. Нұрболат Жаңбыров баптайтын спортшылар үшін бұл жарыстың маңызы ерекше. Өйткені қазақстадық таэкондошылар 2014 жылдан бері әлем чемпинатынан жүлде алмапты. Енді осы олқылықтың орнын толтырар уақыт жетті дейді аға жаттықтырушы және қыз-жігіттердің әлеуеті де оған жеткілікті екеніне сенімді.

Нұрболат Жаңбыров, Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы