Елімізде медиалы футбол лигасы құрылды

Танымал жұлдыздар да доп ойнайды. Елде медиалық футбол лигасы құрылды.

Онда танымал спортшылар, актерлер, әншілер мен блогерлер ойнайды. Барлығы 10 команда қатысады. Олардың құрамында Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левит, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов, хоккейші Никита Михайлис және басқалар бар. Шаршы алаңға қонақ ретінде Қырғызстанның да жұлдыздары шақырылды. Турнир елордада 15 қыркүйектен бастап өтеді. Жаңа футбол лигасының президенті бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.

Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы:

-  Біз жастардың  спортқа бет бұрғанын қалаймыз. Сондықтан атақты спорт шеберлерімен қатар өнер жұлдыздары арқылы  салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Бұқаралық спортты дамытсақ дейміз.