Қазақстан футбол құрамасы «Каспий кубогы» халықаралық турниріне қатысады

Ресейдің Шағын футбол қауымдастығының президенті Эмиль Алиев Қазақстан құрамасы желтоқсан айында Иранда өтетін «Каспий кубогы» халықаралық турниріне қатысатын командалар тізімінде екенін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Қараша айының басында Тәжікстанда жолдастық кездесулер өткіземіз. Ал желтоқсан айында Иранда Каспий кубогы өтеді. Оған Ресей, Иран, Қазақстан және Әзербайжан елдерінің құрама командалары қатысады» деген Эмиль Алиевтің сөзін келтірді ТАСС.