Чехияда жанармай қымбаттады. ČTK агенттігінің дерегі бойынша бензин бағасы бір айда 30 пайызға өсіп, литріне 2 долларға дейін жетті. Бұл біздің ақшаға шаққанда шамамен 940…
Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті талқылау үшін 40 елдің әскери өкілдерімен онлайн-кездесу өткізеді. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.
Ирандағы атом электр стансасына қауіп төнді. Соғыс басталғалы АҚШ-Израиль тарапынан Бушердегі АЭС ғимаратының аумағына 4 рет шабуыл жасалды. Кешеннің өзіне әзірге соққы тимеген.
Парсы шығанағындағы соғыс болмағанда, әлемдік экономика биыл 3,3, ал келесі жылы 3,2 пайызға өсетін еді. Жаһандық сауда-саттықтың күретамыры – мұнай жеткізу ісі 13 пайызға қысқарды.
Ел тарихында тұңғыш рет өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 30 жылда азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылға…
Иран АҚШ-тың 15 шарттан тұратын ұсынысына 10 талаппен жауап берді. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, парсы елі қарымта құжатты Пәкістан арқылы жолдаған.
Алдағы үш жылда Қазақстанда оқитын шетелдік студенттердің санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан мен Әзербайжан ректорларының екінші форумында айтылды.
Облыс көлемінде ұйымдастырылған сенбілікке 15 мыңнан аса адам қатысып, 200-ден аса техника тартылды. Тазалық шарасы жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және аймақты көгалдандыруға бағытталып отыр.