Солтүстік Қазақстан облысында қазақтың халық әндерін шырқайтын поляк қызы тұрады. Ольга Векерле музыкалық білімі болмаса да, халқымыздың төл туындыларын нақышына келтіре орындайды.
Қазақстанда нейропсихологтарды даярлайтын оқу орыны жоқ. Мұндай мамандықты меңгергісі келгендер білім іздеп шетелге сабылады. Себебі елде осы мамандық бойынша білім беретін оқу орындары жоқтың қасы.
Абай және Павлодар облыстарында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері өртке қарсы шұғыл қимылдауы былай тұрсын, тиісті министрліктерге өрттің шыққаны туралы уақытылы хабар бермеген.
Президентке халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасына былтыр 1,4 миллиард доллар қаржы салған, ал инвестиция…
Елде зергерлік бұйымдарды сынамасыз сатқан саудагерлерге бірден айыппұл салынады. Бұған дейін оларға тек ескерту жасалатын. Жаңа тәртіпке сәйкес ережені бұзған сатушыға 190 мың теңгеден 580…
Оңтүстік Корея билігі чип өндіру саласына 23 млрд 250 млн доллар бөлді. Қаражат жартылай өткізгіштер өндірісін АҚШ-тың сыртқы сауда саясатынан және Қытай өндірушілерінің бәсекелестігінен қорғауға…
АҚШ үкіметі Гарвард университетіне қаржы беруді тоқтатты. Студенттерге грант есебінде табысталуға тиіс екі млрд-тан астам доллар, сондай-ақ басқа келісім-шарттарға арналған 60 млн доллар бөлінбейтін болды.