Алматы облысында «Жасыл ел» еңбек жасағына 700-ге жуық жас жұмысқа алынды. Олар саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар мен өзге де қоғамдық орындарды тазалап, абаттандырумен айналысады.
Халық арасында атом электр станциясының құрылысын қолдаушылар көп. Олар кей өңірлерде электр энергиясының тапшылығы жылдан жылға артып келе жатқанын алға тартып, қолдайтынын жеткізген.
Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр. Табиғи әлеуетті тиімді пайдалану, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және заманауи демалыс орындарын қалыптастыру арқылы өңірдің…
Анығын айтсақ, 3,4 мың шақырым тас жол жаңадан төселеді. Сондай-ақ 5 мың шақырым республикалық, 2 жарым мың шақырым жергілікті маңызы бар автожолдар жөнделеді.
Түркия Сауд Арабиясына әскери қолдау көрсетуге дайын. Елдің сыртқы істер министрі Хакан Фидан жергілікті телеарнаға берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
Павлодар облысында жылыту маусымына дайындық аясында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Алдын алу шараларында жекеменшік тұрғын үйлерге ерекше көңіл бөлініп жатыр.
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде зейнетақы мөлшері өседі. Жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуына байланысты базалық зейнетақы мөлшері де артады.
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында баспанаға мұқтаж 86 отбасыға үй беріледі. Көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға арнап қоспәтерлі 43 үй салынып жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға ағасы шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл…
Алматыда Солтүстік айналма жолда үш көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан бірнеше адамға медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды 24KZ. Апат Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма жолда кешкі…