Солтүстік Қазақстан облысында ішімдіксіз ауылдар қатары артып келеді. Уәлиханов ауданындағы Көктерек, Амангелді және Қаратерек елді мекендерінің тұрғындары спирттік ішімдік өнімдерінен толық бас тартты.
Астана тұрғыны Владислав Вебер осылай дейді. Ол балаларға неміс тілінен дәріс оқиды. Вебер жұмыстан бөлек, қоғамдық ортада да қазақша сөйлегенді жөн санайды.
Шымкентте мүгедектігі бар 700 баланың құқығы бұзылғаны анықталды. Прокурорлық талдау барысында олардың ата-анасына әлеуметтік қолдау шаралары туралы мүлдем ақпарат берілмегені белгілі болды.
Қазақ кино өндірісі тағы бір туындымен толықты. Алматыда «Жасмин мен Балу: Ерекше достық хикаясы» фильмінің тұсаукесері өтті. Кинокартина драма жанрында түсірілген.
Тараз қаласының ортасынан өтетін Қарасу каналы қараусыз қалды деп тұрғындар шағымданып жатыр. Айналасын қоқыс пен қамыс басып кеткен. Арасында қаңғыған ит-мысық жүреді.
Қазақстанда су тасқыны, құрғақшылық және су тапшылығын жасанды интеллект көмегімен болжау жоспарланып отыр. Технология пайдалы қазбаларды анықтауға және қуаңшылыққа төзімді өсімдіктерді іріктеуге мүмкіндік береді.
Маңғыстауда 4 адам мерт болған жол апатына себепкер болған малдың иесі іздестіріліп жатыр. Кеше «Ақтау-Бейнеу» трассасында Toyota Camry көлігі жолдың үстінде қараусыз жүрген түйені қағып…
Австралия шетелдік студенттерге қатысты көші-қон талаптарын күшейтеді. Жаңа ереже бойынша олар елге отбасы мүшелерін әкеле алмайды. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.
Ақ үй басшысы Дональд Трамп Еуроодақ тауарларына жоғары баж салығын енгізуі мүмкін екенін айтты. Бұған Канада мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестіктің күшеюі себеп.