470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Арнайы репортаж. 25 жылдағы Шығыс Қазақстан облысының жетістіктері

  • 1656

Тәуелсіздік алған ширек ғасырда Семейде іргелі өзгерістер болды. Ең алдымен ауызға ілінетіні 1995 жылғы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың халықаралық деңгейде аталып өткен 150 жылдық мерейтойы еді. Бұрынғы одақ ыдырап, экономикалық ахуал күрделі болғанына қарамастан бұл той елді біріктіріп, ондағы берекені көрсетті. Тіпті өзге елдегі қандастарымызда келді. Қаланың экономикасы да қарқын алды. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, шағын және орта бизнес дамыды. Бүгінде онда 9 жыл бұрын ашылған машина жасау зауыты да жұмыс істеп тұр. Қаланың ең көрікті сәулетінің бірі құрылысы 2 жылға созылып, 2000 жылы ел игілігіне берілген аспалы көпір. Мұндай көпір әлемнің тек бірнеше елінде ғана кездеседі. Өңір жетістігі жайлы толығырақ меншікті тілшіміз Болат Көкенайұлының арнайы репортажында.

Хабар 24 телеарнасы