Мақта целлюлозасы | Made in kz

Мақта целлюлозасы дегеніміз не? Алдымен осы сұраққа жауап беріп көрелік. Мақтаның ұзын талшықтарынан әртүрлі маталар алынса, қысқа талшықтарынан, яғни қалдығынан осы целлюлоза дайындалады. Ал целлюлоза не үшін керек десеңіз, саусағыңызды бүгіп отырыңыз, біз сізге тізіп береміз. Мақта целлюлозасы жоғары сапалы қағаз, яғни банкноттар шығаруда, мұнай бұрғылау ісінде, жарылғыш заттар өндірісінде қолданылады. Тіпті сәбилердің жаялығын, яғни памперстерді өндіруде де таптырмайтын шикізат. Жалпы мақта целлюлозасы біз күнделікті болмаса да, жиі қолданатын 100-ге жуық өнімнің құрамында бар.

Сондай-ақ...