Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

8 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Болжамның ықтималдылығы 90-95%.

8 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Орал қ.: 08 қаңтар түнде және таңертең тұман күтіледі.

Болжамның ықтималдылығы 85-90%.

Түнде 7-8 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде 37 градус қатты аяз күтіледі.

Болжамның ықтималдылығы 70-75%.

6-8 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тараз қ: 6-8 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Болжамның ықтималдылығы 90-95 %.