Елорда тұрғындары 10 қаңтарда қалалық автобустармен тегін қатынайды

Нұр-Сұлтан қаласында 10 қаңтар күні қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді.

Бұл күні қала ішінде қатынайтын автобустарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы 6:00-ден сағат 23:00-ге дейін жүреді.

11 қаңтарда қоғамдық көлік жұмысын жалғастырады. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады.

Айта кетсек, автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды.