Бірқатар өңірде жел күшейеді

Бүгін еліміздің кей өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Синоптиктердің болжауынша, мұндай күн райы әсіресе Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Сондай-ақ Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар өңірінің жекелеген бөлігін таңертең және түнде қою тұман бүркейді.

Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облыстарында секундына 20 метр жылдамдықпен жел соғады.