2022 жылы шығатын барлық iPhone смартфоны 5G желісіне қосыла алады

Америкалық Apple компаниясы келесі жылы шығаратын iPhone смартфондарының барлық моделі 5G желісіне қосыла алатын болады.

Бұл туралы Жапонияның жетекші іскер газеті Nikkei хабарлады.

Басылымның мәлімдеуінше, компания енді жаңа 4G модельдерін шығармайды. Тіпті ең қолжетімді iPhone SE смартфоны да 5G желісін қолдайтын болады.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, компания алдағы жылы iPhone 12 mini смартфонының жаңартылған нұсқасын шығармайды. Бұл шешімді Apple компаниясы басқа модельдермен салыстырғанда аталған смартфонның нашар сатылуына байланысты қабылдаған.