Ауа райы болжамы: еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Қазгидромет 13 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

Алматы қаласында 13 наурызда күндіз қатты жаңбыр жауады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болжанада.

Батыс Қазақстан облысының батысында тұман түседі.

13 наурызда Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болып, тұман болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстік жартысында 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Нұр-Сұлтан қаласында 13 наурызда кей уақытта жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Шымкентқаласында кей уақытта найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13-15 наурыз аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тау етегіндегі аудандарында қатты аралас жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжамдарына сәйкес баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с.