Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуге дайын

Қазақстан 2025 жылға дейін шикізаттық емес тауарлар экспортын екі есе ұлғайтуды көздеп отыр. Бірақ бұл тек қағаз жүзінде қалуы мүмкін. Мәселенің шешімі қандай?

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуге дайын 

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуге дайын. Оның ішінде Шведт мұнай өңдеу зауытына қатысты ұсыныстарды қарауы мүмкін. «Алайда бұл транзит мәселесі. Өйткені бізде Еуропалық Одақпен тікелей шекара жоқ. Сондықтан мұндай өтініш болған жағдайда бәлкім қарастыруға болады» деді Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов. "Қазір жеткізілім тізбегі бойынша әртүрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Мұнайды тұтынатындар басқа механизмдерді қарастыруда. Бірақ мұны барлық жерде іске асыруға мүмкіндік жоқ. Өйткені мұнай құбырлары жүйесі бір күнде өзгермейді, оны бір жылда салу мүмкін емес. Қазақстанға келетін болсақ, бұл әрине транзит мәселесі", - деді ол.  Еске салайық, Германия Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауыты үшін Қазақстанда мұнай сатып алуға ниеті туралы хабарлаған. Шведтегі зауыттың қуаты жылына 11,6 млн тонна мұнай өнімдерін құрайды. Кәсіпорын жобалау кезеңінен бастап тарихи түрде "Дружба" мұнай құбырымен және Ресей Федерациясының кен орындарымен байланысты болды.

Шаруаларға қосымша қолдау керек

Қазақстандық ұн өндірушілерді нарықтан біртіндеп ығыстыра бастады. Оған себеп болған жағдайлардың бірі - логистикаға жұмсалатын шығындар. Мәжіліс депутаты Лаззат Рамазанованың айтуынша, 1 тамызда сауда және интеграция министрлігінде қабылданған бұйрық отандық тауарлардың экспорттық шығындарына қатысты өзгерістерді қамтиды. Бұл ретте Рамазанованың айтуынша, осы бұйрық қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып қабылданды. "Бұйрық тіпті ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберілмегені анық. Бірақ қазір ұн өндірушілер бұрынғыдан да көп мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Ресейлік экспорттаушыларға 2017 жылдан бері өз азық-түліктерін шетелге тасымалдау шығындарының бір бөлігін өтейді. Біздің өндірушілер, жаңа бұйрыққа сәйкес, мұндай қолдаудан айырылды" делінген депутат сауалында. Ал Сауда және интеграция министрлігі ынталандыру шаралары басымдық берілетін тауарлар тізбесіне бағытталғанын мәлімдеді.

Ләззат Рамазанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Біріншіден, салалық қауымдастықтармен және отандық бизнес субъектілерімен мәселені шұғыл түрде талқылап, бұйрыққа өзгерістер енгізу қажет. Екіншідінен, қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың қосымша шараларын қарастыру керек деп есептеймін. 

Астық бағасына не әсер етеді?

Өз өндірісімізді, өткен жылдың қалдығын және импортты ескере отырып, біз өзіміздің ішкі нарығымызда тұрақтылықты сақтау үшін шамамен 9 млн тонна шығаруымыз. Бұл туралы Халықаралық астық конференциясында Қазақстанның Астық одағының Сауда комитетінің басшысы Александр Маслов айтты.  Оның сөзінше, осындай көрсеткішке жетсек те,  Қазақстанда 3 млн тонна бидайдың ауыспалы қалдығы болады. Бұл өте үлкен сан. Егер азық-түлік корпорациясы жағдайға араласып, қыркүйекте жарияланған бағамен бидайды сатып алмаса, қалдық көлем нарыққа қысым жасайды. Ұн өндірушілер осындай жағдайда ғана баға әділ сақталады деген ойда. Жалпы форумда болған нарық қатысушылар Ресей де қазақстандық астық бағасына қысым жасайды деп отыр. Өтйкені биыл оларда рекордтық деңгейде өнім жиналды. 

Германия экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін 

Қуат көздерінің қымбаттауынан Германия экономикасы келер жылы рецессияға ұшырау мүмкін. Елдің жетекші зерттеу институттары осындай болжам жасады. Мюнхендегі Экономикалық зерттеулер институты, Кильдегі әлемдік экономика институты, және басқа да белді  интитуттары Германияның ЖІӨ биыл 1,4% - ға өсіп, ал келер жылы 0,4% - ға төмендейді деп болжайды. 2024 жылы 1,9% - ға өседі. "Болжамдардың нашарлауы негізінен энергетикалық дағдарыстың ауқымын көрсетеді" делінген институттардың бірлескен баяндамасында. Олар Германияның 2022 және 2023 жылдардағы ЖІӨ көлемі көктемде болжамнан 160 миллиард еуроға төмен болады деген баға берді. Еске салайық, Германияға Ресей газы экспортының төмендеуі осы отын түрінің рекордтық деңгейге қымбаттауына әкелді, делінген баяндамада. Сарапшылар газ тапшылығы мәселесін ауыр деп санайды, оның құны "дағдарысқа дейінгі деңгейден жоғары болуы мүмкін", бұл "Германия үшін байлықты жоғалтуды білдіреді"деп ескертеді. Болжамға сай биыл Германиядағы инфляция 8,4%-ті құрайды.