Expo 2020 Dubai: жаһанның болашағы үшін тың идеялар ортаға салынды

Бүкіл әлем алақанда көрінеді. Дубайда Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі 190 елдің басын қосты. Әрқайсысы өзіндік құндылықтарымен жаһанның болашағы туралы тың идеяларын ортаға салды. Қазақстан павильонындағы робот пен адам биі келушілерге өзгеше әсер сыйлады. Американдықтар жұртқа шығармашылық пен инновацияға шабыт беруге тырысты.

Адам мен роботтың достығы. Бұл болашақтың көрінісі. Олар бір-біріне қолғабыс жасайды.  Әрі, кездескен кедергілерді бірге жеңеді. 

Технология мен адамның бір-бірін толықтырып тұратын жаңа заман көрінісі. Екеуі де ғаламшарға зиян тигізбеуі керек. Керісінше мүмкіндіктерін біріктіре отырып, қоршаған ортаны сақтап қала алады. 

ЭКСПО-дағы қазақстандық павильондағы соңғы шоу көрермендердің алдына сан сауал тастағандай болды. Мысалы, инновациялар дәуіріне ауысудың өзгеше тұсын көрсеткен. Биші Мария Володарец залда отырғандардың әрқайсысына ғаламшардың тазалығына әр жан жауапты дегенді шебер жеткізе білді.

Мария Володарец, биші:

- Біз осыдан 10 жыл бұрын не болатынын елестете алмадық. Сол сияқты 100 жылдан кейін адамдар жасанды ақылмен жұмыс істеуі мүмкін ғой. Бұл қандай да бір сиқыр деп ойламау керек. Бәріде мүмкін.

Бұл шоу Қазақстан павильонында ұсынылған экспозицияның шарықтау шегі деуге болады.

Мұнда келген меймандар бірінші қазақ даласының салқын самалын сезінеді. Бұл Дубайдың 40 градус шыжыған аптабында ерекше әсер сыйлары анық. Одан кейін жусанның хош иісін сезуге болады. Сондай-ақ  Қазақстанның флорасы мен фаунасы көрініс тапқан. Әрі ғажап табиғат пен демалыс аймағы жайлы сыр шертіледі. Келушілер қазақтың қара домбырасының үніне елітеді.

БЛИЦ

- Мен мұндай музыканы алғаш рет естдім. Өте әуезді. Ұлттық бидің өзі ерекше екен.

- Маған көрме өте ұнады. Мұндағы түрлі шоулар ерекше әсер қалдырады.

Қазақ елінің павильонымен көршілес АҚШ көрмесі де көз тартады. Онда заманауи технологиялар саласындағы жетістіктерімен танысуға болады.

Айнұр Қуатқызы, Камилла Тастанбекова, Нұрғали Мамурбаев

Сондай-ақ...