389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәжікстанда біреулер АҚШ пен Нидерланд азаматтарын көлікпен қағып мерт қылды

  • 386
  • UPD: 08:19, 30.07.2018
Тәжікстанда біреулер АҚШ пен Нидерланд азаматтарын көлікпен қағып мерт қылды

Оқыс оқиға Хатлон облысының Дангара ауданында тіркелді.

Мұнда белгісіз біреулер жолда велосипедпен саяхаттап бара жатқан шетелдік туристерді көлікпен басып өткен. Салдарынан оқиға орнында 4 шетелдік қаза тапты. Тағы үшеуі жеңіл жараланды. Қаскүнем оқиға орнынан ізін суытып кеткен.

Бұл туралы Тәжікстан ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы