419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда жалған медициналық маска сатқандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  • 499
  • UPD: 11:03, 26.02.2020
Қытайда жалған медициналық маска сатқандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қытайда жалған медициналық маскалар жасап сатқан 1560 адам ұсталды.

Бұл туралы Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрі Ду Ханвэй мәлімдеді.

«688 істің бетін аштық. Полиция ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін 31 миллионнан астам контрафактілік өнімді тәркіледі», - деді басқарма басшысы.

Қытай заңдарына сәйкес, жалған медициналық маскалар сатқандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар сапасыз медициналық маскалар шығарғандармен қатар, сапалы өнімдердің бағасын көтергендермен күрестің жалғасатынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы