Өзбекстан мен Тәжікстан арасында әуе рейстері ұша бастайды

Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады.

Бұл туралы бүгін өзбек елінің Ұлттық тасымалдау компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Ташкент пен Душанбе арасындағы алғашқы чартерлік рейстер 5 қаңтардан басталмақ. Ал тұрақты әуе қатынасы көктемге қарай толық іске қосылуы мүмкін. Әуе билеттері қазірден сатылып жатыр.

Айта кетейік, екі ел арасындағы әуе рейстері өткен жылдың 16 наурызында тоқтатылған еді.