Испанияда соңғы 65 жылда болмаған аяз тіркелді

Испанияның Пиреней түбегінде рекордтық суық ауа райы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің Метрологиялық агенттігінің мәліметі бойынша, температура бағаны минус 35-ке дейін төмендеген. Аймақта мұндай аяз соңғы рет 1956 жылы болған екен. Үскіріктен бұрын жаңбыр да жауған. Қолайсыз ауа райын Филомена бораны әкелді. Бұдан басқа, мамандар Италияның 12 өңірінде қалың қар жауады деп дабыл қағуда. Кейбір жерде ақ ұлпаның қалыңдығы 20 сантиметрге жетуі мүмкін. Ел астанасы Мадрид тұрғындарының қарды көрмегеніне 10 жылдай болыпты.

БЛИЦ:

– Сұмдық болып тұр. Жолда келе жатып, ұшып кете жаздаймын. Оның үстіне, өте тайғақ

– Жерде мұз бар. Өте абайлап жүру керек. Адамдардың көшеде жүріп-тұруы қиын.