Австралияда өрттен бір отбасының үш баласы ажал құшты

Австралияның Мельбурн қаласында өрттен 4 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның біреуі әйел үшеуі бала. Бұдан басқа бір ер адам жарақат алған. Виктория штаты полициясының мәлімдеуінше, құрбандар да, зардап шегуші де жапон ұлтының өкілдері. Сондай-ақ құзырлы орган тұрғын үй қасақана өртелген деп отыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, тілсіз жау екі қабатты үйдің астындағы көлік тұрағында басталған. Тергеу жалғасуда.

Невилл Мейжор, полиция инспекторы:

- Жапон отбасында ана мен 3 баласының өмірі қиылды. Олардың жеке басы қазір ресми анықталып жатыр. Мекенжайы бойынша өрт болған үйге тіркелген ер адам өзін өзі өртеген. Ол қазір ауруханада. Аузына түтік салынғандықтан, тергеу ісіне әзірге көмектесе алмайды. Ол 24-тен 48 сағатқа дейін сөйлей алмайды.