427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италия премьер-министрі отставкаға кету туралы арыз жазды

  • 229
  • UPD: 23:29, 26.01.2021
Италия премьер-министрі отставкаға кету туралы арыз жазды фото: inform.kz

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте президент Серждо Маттареллаға отставкаға кету туралы арызын тапсырды.

Мемлекет басшысы Италия премьер-министріне қызметін жалғастыруды ұсынғаны атап өтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

«Президент шешім қабылдауға уақыт алып, үкіметті қазіргі міндеттерін орындай беруге шақырды», - делінген президенттің Квиринал сарайының хабарламасында.

Конте мен Маттарелланың арасындағы әңгіме шамамен жарты сағатқа созылды.

Еске салайық, «Италия Вива» партиясы өз министрлерін үкіметтен шығатынын жариялағаннан кейін елде үкіметтік дағдарыс қалыптасқан болатын. Бұл пандемия салдарын қалпына келтіру жоспары бойынша келіспеушіліктерге байланысты болған. Осы партияның дауысынсыз коалиция тұрақты парламенттік басымдыққа ие бола алмай қалған еді.

Хабар 24 телеарнасы