433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Якутиялық шебер Голливуд фильміндегі тікұшақ көшірмесін құрастырды

  • 185
  • UPD: 14:47, 11.03.2021

Якутск қаласында «Жұлдызды соғыс» фильміндегі «Рейзә Крест» (Razor Crest) деп аталатын тікұшақтың тура көшірмесі жасап шығарылды.

Мұны Айаал Федоров есімді жас жігіт құрастырып шыққан. Ұзындығы 14, ені 10, ал биіктігі 4 метр болатын әуе көлігінің салмағы 1 тонна. Тікұшақ ұшпаса да батарея арқылы кейбір бөлшектері қозғалып айналады. Айаал коронавирус індеті мен қаржылай қиыншылықтардан тікұшақты жасауға бір жылдай уақыт кеткенін айтады. Қазір тікұшақ жергілікті саябақтың біріне қойылған.

Айаал Федоров, тікұшақты құрастырушы:

- Маған мұндай тікұшақ жасау идесы «Мандалорец» телесериалының алғашқы маусымын көрген соң келді. Фильмдегі әуе көлігі маған қатты ұнады. Содан оның көшірмесін жасауды ұйғардым. Бастапқыда өз ақшамды жұмсадым, кейін досым көмектесті. Артынша демеуші де табылды.

Хабар 24 телеарнасы