430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді

  • 89
  • UPD: 11:34, 22.03.2021
Германияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді фото: ria.ru

Германияда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жағдай біршама күрделене түсті.

Бұл туралы ел канцлері Ангела Меркель мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пандемияның мұндай өршу кезеңінде шектеу шараларын жеңілдетуден сөзсіз бас тартылды. Меркель жеке аймақтардың басшыларымен телефон арқылы өткізілген кеңестің нәтижелері туралы журналистерге хабарлама жасады.

Германия канцлері соңғы жеті күн ішінде ел аумағында індетті жұқтырғандардың орташа деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 100 адамнан асса, локдауннан шығу тоқтатылады деген келісімді еске салды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш аталған шамаға өте жақын орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы