Суэц каналында тұрып қалған кеме жолға шықты

Бір аптадан бері Суэц каналында қайраңдап қалған кеме қайта жолға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ол солтүстік Жерорта теңізіне қарай жүзіп барады. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар жүк көлігін алып шығу үшін 27 мың текше метр құм аршыған. Апат салдарынан Африка жақтан шыққан 500-дей кеме кептелісте тұрып қалды. Бұл бағыт арқылы Еуразияға мұнай жеткізіледі. Қытайдан Нидерландқа бара жатқан контейнер тасығышты 23 наурызда күшті жел мен құмды боран шетке ысырып, құмда қайраңдап қалған еді. Кеменің ұзындығы 400 метрден асады. Оған 224 мың тонна жүк тиеуге болады.