Венесуэладан Кариб теңізіндегі Сент-Винсентке гуманитарлық көмек жетті

Суфриер жанартауының атқылауынан зардап шеккен аймаққа 20 тонна жүк пен 12 дәрігер келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуық арада аралды елге өзге мемлекеттер де көмек қолын созатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Суфриер жанартауы өткен жұма күні атқылай бастаған. Табиғат апатынан кейін мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бірақ жанартау ауданында әлі де мыңдаған тұрғын бар. Аралдың үштен бір бөлігі жабылған. Электр энергиясы және ауыз сумен қамтамсыз етуде қиындық туған. Жалпы аралды елде ең ірі жанартау 1902 жылы оянып, табиғат апатынан бір жарым мыңнан аса кісі опат болған еді.