Британдықтар ерекше карантиндік офис түрін ойлап тапты

Лондонда өнертапқыштар ерекше карантиндік кеңсе ойлап тапты. Оны жасап шығарушылар мобильді кеңсе пандемияның кесірінен қашықтан жұмыс істеуге көшкендер үшін таптырмас дүние екенін айтады.

Мәселен, модульді капсуланың ішінде жұмыс істеу өте ыңғайлы атмосфера болғандықтан үй шаруасына елеңдемей жұмыс істеуге болады.

Жоба авторының айтуынша, мұндай ой 2020 жылы жарияланған бірінші локдаун кезінде пайда болды. Жуырда ғана құрылған фирма қазірдің өзінде шет елдерден де тапсырыс ала бастады.

Томасо Боано, жоба ұйымдастырушысы:

- Кеңсені сатып алған алғашқы адамның екі баласы бар. Үй жағдайында жұмыс істетін мүмкіндігі жоқ.

Элин, тұтынушы:

- Жақын арада офлайн жұмыстың басталуы екіталай. Мен бір бөлменің ішінде тамақтанып, спортпен шұғылданып, демаламын. Нәтижелі жұмыс істеуім үшін бар назарымды сүйікті ісіме  аудару үшін кеңістікті өзгертуім керек.  

Биіктігі 2,5 метр капсуланы алғандардың барлығы жоба авторына ризашылығын білдіріп жатыр. Көбі кеңсесін бақшасында орналастырған. Дизайнерлер болса оның қаптауышын өзгерте бастады. 

Йонас Присмонтас, жоба сәулетшісі:

- Кеңсені түрлендіріп жасап бере аламыз. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша түсі де әр түрлі болуы мүмкін. Тұтынушының талғамы ескеріліп отырады.