COVID-19: үндістандық штамм Еуропадан табылды

Prometheus Leader кеме экипажының 3 мүшесінен коронавирустың үнді штамы анықталды.

Су көлігі Испанияның Виго қаласының айлағына тоқтаған. Дертке шалдыққан теңізшілер Үндістан мен Филиппин азаматтары болып шықты. Қазір олар оқшауланып, ем қабылдап жатыр. Сарапшылар енді үнді штаммы бүкіл Еуропаға таралуы мүмкін деп дабыл қағуда. Бұған дейін аталған мутация Римнің жанындағы қалашықта тұратын үнді азаматтарынан анықталған болатын. Қазір бұл елді мекенде жұмысқа бару, азық-түлік алу сияқты себеппен бойынша ғана көшеде жүруге болады. Билік барлық тұрғыннан тест алуды жоспарлап отыр. Бірақ бұл қалашықта тұрғылықты жері бойынша тіркелмей, заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер көп. Осы мәселе барлық тұрғынды тестілеуде қиындық туғызуы мүмкін.