Кабулда мешіттегі жарылыстан 12 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасындағы мешіттің бірінде жарылыс болып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 20-дан астам кісі жарақат алды. Лаңкестік Кабулдың шетінде орналасқан мешітте жұма күнгі намаздан кейін болды. Содырлар бомбаны мешіттің ішіне қойып кеткен. Жарылысты ешқандай лаңкестік ұйым мойынына алған жоқ. Бұған дейін Айт мерекесіне орай елде үш күнге атысты тоқтататыны туралы жариялаған тәліптер лаңкестік әрекетті айыптады.

Еске сала кетейік, өткен аптада да Кабулдағы мектепте бірнеше жарылыс болып, 80 адам қаза тапқан.

Мир Акаа, жергілікті тұрғын:

- Кабулда ғана емес, бүкіл елдегі жағдай осы. Неге билік қамсыз отыр? Алдын алуға болмай ма?. Бұлай жалғаса берсе қалай күн кешеміз. Егер содырларды тоқтата алмаса биліктен кетуі тиіс.