Үндістан астанасында қара зеңнен зардап шеккен 200-ге жуық адам анықталды

Медициналық мамандарға инфекциямен күреске қажетті дәрі-дәрмек жетіспей жатыр. Науқастарды мемлекеттік және жеке клиникаларда емдеп жатыр.

Үндістанның Нью-Дели қаласында 200-дей адам мукоромикоз індетіне шалдықты. Осы ауру түрі қара зең деген атауымен де кеңінен танымал. Бұл туралы Дели округінің денсаулық сақтау министрі Сатьендар Джайн баспасөз-конференциясында мәлімдеді.

«Қалада 197 адам қара зең ауруына шалдықты. Бұдан бұрын бұл індетке бір жылда 30-50 адам ғана шалдығатын. Қазір бұл сан әлдеқайда өсіп кетті. 8-10 жекеменшік клиника мен үш мемлекеттік аурухана қара зеңге шалдыққан науқастарды емдеп жатыр», - деді министр.