424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лиссабонда демалыс күндері карантиндік шектеулер қатаңдатылды

  • 109
  • UPD: 08:54, 26.06.2021
Лиссабонда демалыс күндері карантиндік шектеулер қатаңдатылды

Португалия астанасы Лиссабонда індеттің қайта күшеюінен демалыс күндерінде шектеулер қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа тәртіпке сай дүйсенбіге дейін шаһарға кіріп-шығу шектеледі. Өзге аймақтардан келгендер вакцина салдырғанын дәлелдейтін немесе ПТР-тест тапсырғаны жайлы қағаз көрсетуі қажет. Мейрамхана мен дәмханалар күндізгі сағат үш жарымға дейін жұмыс істесе, азық-түлік дүкендері кешкі 7-ге дейін ашық. Португалияда соңғы бір күнде вирусты 1500-ге жуық адам жұқтырып алған.

Бенвинда Антунес, тұрғын:

- Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Шектеулер қалыпты өмірге тез оралуымызға көмектесе ме, оны уақыт көрсетеді. Қалай болғанда да, індеттің күшеюіне жол бермеу керек.

Хабар 24 телеарнасы