АҚШ-та қираған үйде қаза тапқан адам саны 36-ға жетті

АҚШ-тың Серфсайд қаласында көп қабатты тұрғын үйдің құлауынан опат болғандар саны тағы артып, 36-ға жетті.

Соңғы бір күнде құтқарушылар үйінділер астынан тағы 8 адамның денесін тапты. Бірақ әлі 109 адамның тағдыры белгісіз. Іздестіру жұмыстары күні-түні жалғасуда. Мамандар енді қирандылар астынан адамдарды тірі кездестіру екіталай шығар деп отыр.

Еске сала кетейік, осыдан екі апта бұрын Майами Дейд қаласына жақын жағажайда 12 қабатты тұрғын үйдің жартысы құлап, 150-ге жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Кешенде 100-ден астам пәтер болған. Үйінділер астынан әлі күнге дейін бір де бір адам тірі табылған жоқ.

Сондай-ақ...