Британдық миллиардер Ричард Брэнсон 11 шілдеде ғарышқа ұшады

11 шілдеде Ричард Брэнсонға тиесілі Virgin Galactic компаниясы толық құрамдағы экипаж мүшелерімен алғаш рет ғарышқа ұшады. Бұл туралы осы сапарда жолаушының бірі болғалы отырған Брэнсон Twitter парақшасында жазды.

«Мен әрқашан арманшыл болдым. Анам маған арманнан ешқашан бас тартпауды және жұлдыздарға қол созуды үйреткен. 11 шілдеде Unity-22 бортында бұл арманды шындыққа айналдыратын кез келді», - деп жазды Брэнсон.