Solar Orbiter Шолпанның жарық жағын суретке түсірді

Solar Orbiter ғарыш аппараты Шолпан ғаламшарын екінші рет айналу кезінде күннің осы аспан денесіне түсетін сәуле жағын суретке түсіріп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зонд оны Венерадан 8 мың шақырымдай жерден түсірді. Суреттен ғаламшардың күн түспейтін қараңғы жағын да аңғаруға болады. Айта кетейік, Solar Orbiter – Еуропалық ғарыш агенттігі мен НАСА-ның бірлесіп жүзеге асырған жобасы. Ол Шолпанға өткен жылдың ақпан айында ұшырылған. Аппарат ғаламшарды келесі жылдан бастап 2030 жылға дейін тағы 6 рет айналуы тиіс.

Сондай-ақ...