Израиль әскері бейбіт тұрғынды атып өлтірді

Таяу Шығыстағы жағдай тағы да ушықты.

Еврей әскері Палестинаның Рамалла қаласының жанында 39 жастағы жігітті еш себепсіз атып өлтірді. Артында 4 баласы қалған марқұм Израильде бағбан болып істеген. Оққа ұшқан күні жұмысынан қайтып келе жатқан.

Палестинаның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны «жантүршігерлік қылмыс» деп айыптады.

Еврей елінің өкілдері тергеу жүргізіліп жатқанын айтып, әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ ресми Тель-Авив АҚШ президенті Джо Байденнің Құдыста Палестинадағы Америка консулдығын ашу туралы жоспарына наразылық білдірді. Палестина жағы бұған, керісінше, қуанып жатыр. 

Сондай-ақ...