Канадада пышақпен жасалған шабуылдан үш адам жарақат алды

Канаданың Монреаль қаласындағы аудандардың бірінде ер адамның пышақпен шабуылынан үш адам жарақат алды.

Бұл туралы CTV-ге сілтеме жасай отырып «Хабар 24» хабарлайды.

Полиция мәліметінше, екі әйел және бір ер адам зардап шеккен. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қаскөй ұсталды, бірақ оның жеке бас мәліметтері айтылған жоқ.