Ауғанстанда 14 миллион адам ашқұрсақ жүр

Ауғанстанда 14 миллион адам ашқұрсақ жүр.

Жалпы елде 40 миллион халық бар. Бұл туралы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері хабарлады. Елде қуаңшылықтың беті осымен үшінші жыл қатарынан қайтпай тұр. Екіншіден, билік басына «Талибан» қозғалысы келгелі халықтың жағдайы қиындаған. Өйткені жұмыссыз қалғандар көп. Ал азық-түлік құны шарықтап барады. Кейбір тауарлардың бағасы 30%-ке қымбаттаған. Халықаралық көмек тоқтаған соң ахуал одан бетер ушығып кетті.

Ариф Хусейн, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі:

- Сауалнама нәтижелері көрсетіп отырғандай, Ауғанстанда 10 адамның тоғызы тойып тамақ ішпейді. 10 адамның жетеуі қарызға өмір сүріп, сапасы төмен азық-түлік тұтынуға мәжбүр. Сондықтан бізге шұғыл түрде 200 миллион доллар қажет. Ол ақшаға қыс түскенге дейін азық-түлік қорын дайындауға болар еді.

Сондай-ақ...