Кумбре-Вьеха жанартауы атқылап, бірнеше үйді тас-талқан етті

Кумбре-Вьеха жанартауының белсенділігі артып барады.

Канар аралдарындағы Кумбре-Вьеха  жанартауының сейсмикалық белсенділігі күн өткен сайын артып барады. Одан атқылаған лава Ла-Пальмадағы тағы бірнеше үйді күлге айналдырды. Аймақта жерасты дүмпулер де толастамай тұр.

Естеріңізге салайық, жанартау қыркүйектің 19-ы оянған.

Табиғаттың тосын мінезі 800-ден астам ғимаратты қиратты. 6 мыңнан астам адам өзге жерге эвакуацияланды. Ыстық лава ауылшаруашылыққа арналған 150 гектар алқапты да тып-типыл етті.

Жергілікті билік аралды апатты аймақ деп жариялады. Ғалымдар болса жанартау 3 ай бойы атқылауы мүмкін деп болжап отыр.

Сондай-ақ...