Эквадор түрмесінен тағы бүлік шықты

Эквадордың Гуаякиль қаласындағы түрмесінде қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл жолы 68 адам көз жұмды. Оншақтысы жарақат алған. Белгілі болғандай, қанды оқиғаға есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топтың өзара текетіресі себеп болған. Қазір түрме маңына сотталғандардың туған-туыстары жиналды. Биліктен колониядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді талап етіп, наразылық танытып жатыр.

Айта кетейік, қыркүйектің соңында ғана осы түрмеде ел тарихындағы ең ірі бүлік шыққан еді. Ол кезде 119 сотталушы мерт болған.