Канада жерінде 18 мың тұрғын апат кесірінен оқшауланып қалды

Канадада құтқарушылар су тасқыны мен лай көшкінінен Британдық Колумбия провинциясында қамалып қалған 18 мың тұрғынға жете алмай жатыр.

Ақпарат көздері табиғат апатынан 1 адам қаза тапқанын хабарлайды. Тағы 4 тұрғын із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Жергілікті билік мерт болғандардың саны әлі де артуы мүмкін дейді. Көшкін елдің ең ірі порты Ванкуверге апарар жолды да бұғаттап тастаған. Британдық Колумбия провинциясының премьер-министрі   Джон Хорган  аймақта төтенше жағдай режимін жариялады. Ал Оттава билігі апаттан зардап шеккен өңірге қосымша  әскери әуе күштерін жөнелтетінін хабарлады.