Грекияда Санта Клаустар жүгіруден жарысты

Афина қаласында Санта Клаустар марафоны өтті. Шараға жүздеген адам қатысты.

Дәстүрге айналған жетінші қайырымдылық марафонында қатысушылар, екі шақырым қашықтықты артта қалдырып, Олимпиада спорттық кешенінің ғимаратын айналып өтуге тиіс.  Ереже бойынша марафонға атсалысқан әр адам 12 еуро жарна төлейді.  Биыл іс-шарадан түскен қаржы, ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалатын болады.

Айта кетейік, Грекияда санта-клаустардың алғашқы марафоны, 2019 жылы ұйымдастырылған еді.