Сеулде қаңтардан бастап жүргізушісіз автобустар қатынайды

Қаңтар айынан бастап Сеулде пилотсыз қоғамдық көлік қатынайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оңтүстік Корея астанасында сынақ сәтті аяқталды. Қоғамдық көлік 5G байланысының көмегімен басқарылады. Олар 24 көшемен жүреді. Сынақ кезінде жолаушылар тегін жүрді. Енді жолақысы 2,5 доллардың шамасында болады.

Сеул қаласының билігі 2026 жылға қарай жүргізушісіз басқарылатын қоғамдық көлік санын елуге жеткізуді көздеп отыр.

О Се Хун, Сеул қаласының мэрі:

– Пилотсыз қоғамдық көлік Санамдон ауданында тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Келер жылдың басында Чхонгечхон айналасындағы аудандарда жүргізушісіз автобус қатынайды. Каннам ауданы жекеменшік компаниялармен ынтымақтасып, робот-такси секілді пилотсыз көліктер санын арттырады.